Павлодар облысы, Ертіс ауданында тұратын 27 жастағы келіншек бес айлық сәбиін ана сүтімен улаған. Яғни, баланы араққа сылқия тойып алып емізген.
Алкогольден уланған бүлдіршінді жедел жәрдем арқылы аудандық ауруханаға апарып, санитарлық авиациямен облыс орталығына әкелді. Дәрігерлердің көмегімен нәресте аман қалды.
Осы іске қатысты сот отырысы өтті.
Болат АМАНБАЕВ