Тау басындағы ауа температурасы 20 градустан түспегелі 1 айдан асқан. Сондықтан мұздықтар жылдам еріп, көлдерге құйылып жатыр.
Ақсай шатқалының басында тереңдігі 8-12 метрлік 4 көл бар. Ондағы судың қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін қазір арнайы топ құрылып, тау басында түнеп жұмыс істеуде.
Дегенмен, нөсерлі жаңбыр жауса, өзен ағысқа шыдас бермеуі мүмкін. Ондай жағдайда арнайы су бөгетінің болмауынан, сел тасу қаупі басым.
Аманкелді СЕЙТХАН