Солтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде бір жылда 2 студент асылып өлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде бір жылда 2 студент асылып өлген

31.07.2015
Солтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде бір жылда 2 студент асылып өлген

Солтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде бір жылда 2 студент асылып өліп, тағы үшеуі өздеріне қол салып аман қалған.

Оқу орнын тексеріп, тәртіптің жоқтығын анықтаған прокуратура колледж басшысының үстінен қылмыстық іс қозғады.

Өткен жылы облыста үш жасөспірім өз-өзіне қол салса, биыл 7 адам өмірімен қоштасқан. Суицид жасамақшы болып, аман қалғандардың саны да 13-тен 15-ке көбейген.

Есіл ауданына қарасты Петровка ауылындағы колледжегі жағдай жұрттың жағасын ұстатты. «Студенттердің сабақта бар-жоғы басшылық тарапынан бақыланбаған», дейді облыс прокурорының орынбасары.

Тексеріс нәтижесінде бұл колледжде оқып жүрген кәмелетке толмаған бірнеше қыздың аяғы ауыр екені белгілі болды. Жатақханада санитарлық талаптар да сақталмаған.

Осы фактілерден кейін облыстық Білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды. 

Арай Әлімов, СҚО прокурорының орынбасары:

Бір жылда екі жеткіншек суицид жасаған, тағы үшеуі осындай қадамға барған жерінен аман қалды. Тексеріс барысында оқуға 2-3 ай келмеген студенттерге ешқандай шара қолданылмағаны анықталды. Қыздардың бірі ауылында ата-анасының үйінде асылған, ал, оның сабақта бар-жоғын ешкім білмеген. Қызметіне салғырт қараған директордың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қызметінен босатылды. 

 

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу