«Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы» Айдын Айымбетовтің 10 күндік ғарыштық сапарын нақтылады.
Мәскеу қаласында біліктілігін шыңдаған ғарышкер-сынақшы Каспий аймағындағы ұңғымадан шыққан көмірсутек қалдықтарын, сонымен қатар ғарыштағы гамма-сәулелердің адам ағзасына әсерін зерттейді.
«Союз» кемесі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2 қыркүйекте сағат 10:00-де көтеріліп, 12 қыркүйек таңғы сағат 07:00 шамасында қайта жерге оралады, деп жоспарлануда.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ