TALKS 2050 Форумында осындай ұсыныс айтылды. «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенделері Астананы өмір сүруге барынша қолайлы қалаға айналдыру мәселесін талқылады.
Форумға қатысушы Данат Жуминнің айтуынша, Елордаға көшіп келушілердің саны жыл санап артып келеді.
Мәселен, биылдың өзінде тек қаңтар-мамыр аралығында Астанаға 14 мың адам қоныс аударған. Бұл тек ресми тіркеуден өткендер ғана, ал тіркелмегендердің саны екі есе көп.
Мамандар осы жиында қаланың ғаламдық урбанистикалық орталыққа айналуы қандай табыс әкелмек деген мәселені қарастырды.
«Галстуксіз» өткен кездесуде бас шаһардың келешек келбеті, қала тазалығы мен елордалықтарға жасалған жағдайға қатысты түрлі пікірлер ортаға салынды.
Айта кету керек, мұндай форум бұған дейін Атырауда өткен. Жалпы биыл осындай жиындар еліміздің бес өңірінде өтпек.
Ләззат БЕКТАС