Батыс Қазақстан облысында қой шешегіне байланысты карантин жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында қой шешегіне байланысты карантин жарияланды

24.07.2015
Батыс Қазақстан облысында  қой шешегіне байланысты карантин жарияланды

Батыс Қазақстан облысында қой арасында шешек ауруының шығуына байланысты Первомай ауылында карантин жарияланды.

Індеттің алғашқы белгілері шілденің 10-ы күні анықталған. 4 қозы өліп, 200-ден аса қой оқшауланған. Қазір оларды емдеу шаралары қолға алынды. 

Дерттің шығу себептері анықталуда.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу