Талдықорғанның «Шайқорған» ауданында 25 шаңырақ электр жарығы мен ауыз суға жарымай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанның «Шайқорған» ауданында 25 шаңырақ электр жарығы мен ауыз суға жарымай отыр

22.07.2015
Талдықорғанның «Шайқорған» ауданында 25 шаңырақ электр жарығы мен ауыз суға жарымай отыр

Дегенмен, өркениет көшінен қалып келе жатқан ағайын да жоқ емес. Солардың бірі шаһардың солтүстік-батысындағы «Шайқорған» ауданында 25 шаңырақ не электр жарығына, не сапалы ауызсуға жарымай отыр.

Қаланың солтүстік батысындағы бұл үйлерді бір кәсіпкер осыдан 4-5 жыл бұрын тұрғызып, тұрғындарға сатып кеткен. Үйді салуы салған бірақ ешқандай коммуналдық жүйе кіргізбеген. Себебі бұл қала басшыларының құзырында деп түсінген.

Содан бері 20-дан астам отбасы опық жеп келеді. Электр қуатын тұтынуда берешегі болмаса да бұл үйлерде жарық жиі өшеді.

Сондай-ақ, бұл үйлер орталықтандырылған су жүйесіне де қосылмаған. Әр шаңырақта осындай тереңнен су соратын электр қондырғылар тұр. Егер электр қуаты сөнсе қондырғы істемейді. Яғни ауызсу да жоқ деген сөз.

25 үйдің мәселесі мұнымен бітпек емес. Атауы жоқ көшеде жедел жәрдем қызметкерлері де жиі адасады. Ал, көктем мен күзде белшеден батпаққа батамыз дейді тұрғындар.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу