Қазақстанда соңғы 15 жылда суицид фактілері 37 пайызға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда соңғы 15 жылда суицид фактілері 37 пайызға азайған

22.07.2015
Қазақстанда соңғы 15 жылда суицид фактілері 37 пайызға азайған

Қазір жыл сайын жер бетінде 800 мың адам суицид жасайды. Бұл мәліметтерді Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар қорының Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный келтірді.

Суицидке қарсы кешенді шаралардың нәтижесінде Қазақстандағы өзіне-өзі қол жұмсау фактілері соңғы 15 жылда 37 пайызға азайған.

Көрші елдерде бұл жағдай тіпті ушығып тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің айтуынша, Қазақстан Үкіметі суицидтің алдын алу бойынша бірқатар шараларды қолға алып, ол нақты нәтиже бере бастаған.

Атап айтсақ, ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп, жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алуға қарсы арнайы зерттеу жүргізген.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу