Алматыда жеке көлік салығын 21 мың 523 тұрғын төлемеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жеке көлік салығын 21 мың 523 тұрғын төлемеген

22.07.2015
Алматыда жеке көлік салығын 21 мың 523 тұрғын төлемеген

Жыл басындағы есеп бойынша салық көлемі 50 мың теңгеден асқан жүргізушілердің саны 26мың 338 болған. Бүгінгі күнге дейін соның 4 мың 815-і ғана салықтарын өз еркімен төлеп, 711 миллион теңгені мемлекет қазынасына құйған.

Ал, қалған 20 мыңнан аса салық төлеуші түрлі себептермен тиесілі салығын төлемей жүр.

Осы жайтты ескерген Кірістер департаменті мен сот орындаушылар және жол полициясы қызметкерлері бірлесіп арнайы жорық бастады.

Шұғыл тексеруде салықтан жалтарған азаматтар анықталып, көліктері айып тұрағына жөнелтілді. 

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу