ОҚО-да сәбиді ұрып өлтірген бала күтуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да сәбиді ұрып өлтірген бала күтуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды

17.07.2015
ОҚО-да сәбиді ұрып өлтірген бала күтуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік Қазақстан облысында кейінгі кездері бала күтушілердің сәбилерді аяусыз ұрып-соғуы, мектеп мұғалімдерінің шәкірттерге қол жұмсауы жиілеп кетті.

Өткен жылы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған сот мұндай бірде-бір іс қарамаған болса, биылғы жарты жылдың өзінде осындай іс-әрекетке барған бір мұғалім жазаға кесілді. Тағы бірінің ісі сотта қаралып жатыр.

Ал, өзіне сеніп тапсырылған сәбиді ұрып өлтірген бала күтуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 140 қылмыстық іс келіп түскен. Бүгінгі таңға оның 47-не қатысты сот үкімі шықты.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу