Павлодарда аптап ыстық. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, күн сайын көшеде келе жатқан ондаған адам қан қысымы көтеріліп, немесе жүрек талмасы ұстап құлайды.
Соңғы тәуліктерде жедел жәрдем қызметіне түскен шақыртулар саны 400-ден азаймаған.
Салыстырмалы түрде айтсақ жоспардан тыс күніне 50 адамға дейін ауруханаға жатқызылады.
Медициналық жедел жәрдем көрсететін көліктер жүрек ауруларын анықтайтын заманауи технологиямен жабдықталды.
Электрокардиограмма орнатылған мұндай көліктер бірер күндерде Ақсу, Екібастұз қалалары тұрғындарынада қызмет көрсетеді.
Облыста шілде айының соңына дейін ыстық болады.
Болат АМАНБАЕВ