Қазақ хандығы тарихында елеулі орын алатын оқиғаның бірі – «Орбұлақ шайқасы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ хандығы тарихында елеулі орын алатын оқиғаның бірі – «Орбұлақ шайқасы»

16.07.2015
Қазақ хандығы тарихында елеулі орын алатын оқиғаның бірі – «Орбұлақ шайқасы»

Екі ғасырға созылған қазақ-жоңғар қақтығысының бір көрінісі бұл шайқаста тұңғыш рет «Оқпана» қазу тәсілі қолданылған. Сол заманның әскери өнеріндегі тың тактикалық мұндай әдіс қаптаған ойрат қолын ойламаған жерден ойсыратып тастаған.

Тау шатқалдарының арасында тарихи ақиқаты аңыздан асып түсетін «Орбұлақ шайқасы» өткен. Қаптаған қалың жау жетіп келгенде, жер ыңғайын жетік меңгерген Жәңгір Сұлтан тау арасын таңдап алып, қырқаны қуалап сарбаздар жасырынатын ор қаздырған.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу