Елімізде балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету әрекеттері екі есеге артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету әрекеттері екі есеге артқан

15.07.2015
Елімізде балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету әрекеттері екі есеге артқан

Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко бұл мәліметтерді үлкен қынжылыспен жеткізіп, «Бүлдіршіндердің өмірін бүлдіргендерге қатысты заңды қатайту қажет», - деді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыныстық зорлық-зомбылықтың 40 пайыздан астамы балалардың ата-ана қарауынсыз қалғанынан болады.

Екіншіден құзырлы орган өкілдері тіркелген қылмыстық әрекеттердің дені үй кіреберістері мен жеделсатыларда болатындығын жеткізді. Сондықтан ата-аналарға қалай болған жағдайда да балаларының қауіпсіздігі үшін подьездерге бақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Үшіншіден, балаңыздың қауіпсіздігі үшін оның әлеуметтік желіде кіммен және не жайында сөйлесіп жүргенін қатаң қадағалаған абзал. Ол үшін қазір түрлі компьютерлік бағдарламалар бар. Себебі, педофилдер құрбандарын көбіне осы жерден іздейді.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу