Астанада ХҚКО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға электронды порталмен жұмыс істеуді үйретті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ХҚКО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға электронды порталмен жұмыс істеуді үйретті

14.07.2015
Астанада ХҚКО қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға электронды порталмен жұмыс істеуді үйретті

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жіті көңіл бөлініп, түрлі әлеуметтік жобалар қолға алынды. Соның бірі екі жылдан бері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асып келеді.

Орталық қызметкерлері бүгін Астанадағы қарттар үйінде ерекше шара өткізді. Мамандар 60-қа жуық мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетті. 

«Үй жағдайында қызмет көрсету» жобасынан бөлек, орталық қызметкерлері 60-қа жуық азаматқа электронды қолтаңбалар ұсынды.

Ол бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік желі арқылы 700-ге жуық қызмет түрін жүзеге асыра алады. 

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу