Семейде ескі зираттар өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде ескі зираттар өртенді

14.07.2015
Семейде ескі зираттар өртенді

Семейде қала шетінде орналасқан ескі зираттар өртенді. Қызыл жалынмен өрт сөндірушілер 11 сағат бойы арпалысты.

Көне бейіттердегі ағаштар мен ескерткіштердің жанып жатқандығы туралы тұрғындар хабар берген.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына жеткенше, өрт сол маңдағы құрғақ шөптер мен қоқыстарға тарап үлгерген.

Қорымдағы өртенген аумақ 800 шаршы метрді құрайды. Алдын ала болжамдар бойынша мамандар «өрт абайсыздан шыққан», деп отыр.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу