Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпорындармен жасалған меморандум талаптары дұрыс орындалмауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпорындармен жасалған меморандум талаптары дұрыс орындалмауда

14.07.2015
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпорындармен жасалған меморандум талаптары дұрыс орындалмауда

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс орындарын қысқартпау және еңбек заңдылықтарын қатаң сақтауға байланысты ірі кәсіпорындармен жасалған меморандум талаптары дұрыс орындалмай жатыр.

Салғырттық салдарынан жыл басынан бері өңірде 341 адам жұмыс орнымен қош айтысқан.

Ал, 982 азамат мүжбүрлі түрде ақысыз демалысқа жіберілген.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 12 кәсіпорында еңбек жағдайы тұрақсыз. Оның алтауы облыс орталығында, төртеуі Кентау қаласында орналасқан.

Мәселен, Түркістан қаласындағы теміржол вагондарын жөндеумен айналысатын «Ақ берен» серіктестігі жыл басында 97 адамды жұмыстан босатқан. Тапсырыстың аздығын алға тартқан мекеме басшылығы тағы 50 азаматты жұмыстан қысқартқалы отыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу