Оны өрттен, рұқсатсыз отаудан сақтауға жауапты орманшылар өз еріктерімен 3 жылдан бері жас көшеттерді күтіп-баптауда. Бой тіктегенін егіп, орман ағашын молайтуда.
Айналасы 6 мың гектар ормандағы терек, қайың, қарағаш, көктал, долана, жиде, арша және алма ағаштары дәл осы қарағайлар сынды өздігінен тұқым шашып, табиғи ретпен өсіуде. Алайда құмдауыт жерде күтімсіз болғандықтан жас өскіндердің бірқатарының тамыры ылғалды тереңге тартпай солып қалған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ