Солтүстік Қазақстан облысындағы демалыс лагерінде балалар астан ұшынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысындағы демалыс лагерінде балалар астан ұшынды

13.07.2015
Солтүстік Қазақстан облысындағы демалыс лагерінде балалар астан ұшынды

Жексенбі күні таңертең іші өтіп ауырған 20-дан астам бала аудандық ауруханаға жеткізілген. Олар 7 мен 17 жас аралығындағы балалар. Айыртау ауданы полициясының мәліметінше, жапа шеккендерге тағамнан ұшыну диагнозы қойылған.

Бұл - сапасыз тамақ өнімдері салдарынан болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір демалыс орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Облыстық Білім басқармасының хабарлауынша «Заря» лагері жеке компанияға тиесілі. 

Хабарламаларға жазылу