ОҚО-ның студенттік құрылыс жасақтары жұмысқа кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-ның студенттік құрылыс жасақтары жұмысқа кірісті

11.07.2015
ОҚО-ның студенттік құрылыс жасақтары жұмысқа кірісті

Оңтүстік Қазақстан облысында 500-ге тарта студент өңірде салынып жатқан тұрғын үй  мен әлеуметтік нысандардың құрылысына қолғабыс жасауда. Студенттік құрылыс жасақтарын жұмыспен қамту үшін бірнеше ірі құрылыс компаниясымен келісім жасалды. 

Жұмыс істеуге тілек білдіріп, бастама көтергендердің дені құрылысшы мамандығын оқып жатқан жастар. Олар мұнда жаңа оқу жылы басталғанға дейін еңбек етеді.

Құрылыс компаниялары студенттерге еңбегіне қарай 60-70 мың теңге көлемінде жалақы төлеп отыр.

Студенттік құрылыс жасағы Экспо көрмесі кешененінің  құрылысына қатысуға ниетті.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу