Қостанай облысында кісі өлтіруге тапсырыс берген азаматша ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында кісі өлтіруге тапсырыс берген азаматша ұсталды

10.07.2015
Қостанай облысында кісі өлтіруге тапсырыс берген азаматша ұсталды

Қостанай облысында көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген азаматша ұсталды.

Полиция бөліміне Рудный қаласының 39 жастағы тұрғыны хабарласып, өзіне төнген қатер туралы айтқан.  

«Хабарлама түскеннен кейін жедел іздестіру тобы құрылды. Жәбірленушінің жалған өлімі туралы іс-шара жасалып, соның нәтижесінде күдікті ұсталды», дейді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әділбек Нұрмақин.

Бүгінде оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу