Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы қымбаттайды

10.07.2015
Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы қымбаттайды

Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы 25 пайызға өсуі ықтимал. Бұған Қарашығанақ кенішіндегі электр станциясы трансформаторының істен шығуы себеп.

КПО компаниясы облысқа қажет электр энергиясының 40 пайызын арзан бағамен беріп келді. Енді жарықпен қамтушы «БатысЭнергоРесурсы» серіктестігі МАЭК пен РАО ЕЭС компанияларынан электр қуатын бес есе қымбат бағамен алуда.

Мұның өзі кәсіпорынды шығынға батырып отыр. Бір ай ішінде шығын көлемі 248 миллион теңгеден асып түскен.

Сондықтан, компания тарифті 25 пайызға өсіру туралы ұсыныс жасады.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу