Базалық зейнетақы – азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады. Егер, ол 10 жылдан аз және еңбек өтілі болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызына тең болады.
Бұдан бөлек, 10 жылдан артық еңбек өтілінде әрбір жыл үшін 2 пайызға артпақ. Бірақ, еңбек өтілі 35 және одан да көп жыл болған жағдайда зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан аспауы тиіс.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ