Біріншісі, Қырғыз Республикасының ЕЭО қосылу. Бұл туралы Экономика министрі Ерболат Досаев баяндама жасады. Жалпы, Қырғыз Республикасының аталмыш одаққа кіру жөніндегі құжатқа ЕЭО мүше елдерінің басшылары 2014 жылы қол қойған.
Шарттар мен тиісті хаттамалар күшіне енгенен бастап, Қырғыз Республикасының ЕЭО мүшесі атанады. Және, одақ туралы 2014 жылдың 29 мамырындағы шартты, одақ құқығына кіретін басқа да міндеттерді орындауы тиіс.
Сәуле АЛДАМҰРАТ