Ақтөбе облысында төмен пайызбен несиелендіру арқылы берілетін үйлер салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында төмен пайызбен несиелендіру арқылы берілетін үйлер салынбақ

07.07.2015
Ақтөбе облысында төмен пайызбен несиелендіру арқылы берілетін үйлер салынбақ

Арнайы меморандумға Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен компания директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қол қойды.  

Нақтырақ айтар болсақ, Ақтөбе облысындағы ферроқорытпа зауыты, Дөң тау-кен байыту кәсіпорындарының жұмыскерлеріне арналған төмен пайызбен несиелендіру арқылы берілетін үйлер салынбақ.

Ол үшін 2,7 миллиард теңге бөлінеді. Осылайша, 2017 жылға дейін Ақтөбе облысында шамамен 23,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу