Қызылорда облыстық Ана мен бала орталығында үшем дүниеге келді. Оларды өмірге алып келген Байқоңыр қаласының тұрғыны 37 жастағы Дина Санаева.
Қазір нәрестелердің де, олардың анасының да жағдайы жақсы. Дәрігерлердің тексеруінен өтті. Бүгін перзентханадан шығарылады.
Жалпы, өңірде туу көрсеткіші жыл санап артып келеді. Жыл басынан бері 7545 нәресте туылса, соның 69-ы - егіз. Ал, Санаевтар отбасына қосылған үш сәби - үшемдердің алғашқысы.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ