Анасын іздеп, жылап отырған балақайды көрген тұрғындар қалалық Ішкі істер басқармасына қоңырау шалған. Белгілі болғандай, баланың есімі – Мирас.
Тәртіп сақшылары оны облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына апарған. Мұндағы психолог мамандарға Мирас «анасының жұмысқа кеткенін» ғана айтқан. Соңғы мәліметтер бойынша, Мирас Семей қаласында дүниеге келген. Орталыққа бір адам қоңырау шалып, осы балаға туыс екенін айтқан.
Берік КӨШЕРБАЕВ