Автобус Арқалық қаласынан шығып, Жанкелдин ауданының орталығы Торғай кентіне бет алған. Куәгерлердің айтуынша жақын маңда жайылып жүрген малдардың бірі жол үстіне оқыс шыға келген.
Содан жалтарам деген жүргізуші көлікті игере алмай, автобус жолдың жиегіне құлаған. Апат салдарынан 20 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алған. Олардың бәрі Амангелді аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілген.
Дәуренбек ӘБДІБЕК