Әзірге оның 20-ға жуығы ашылған. Биылғы жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарының нәтижесінде адам қаңқалары, қыш ыдыстар, әшекей бұйымдар табылған.
Тарихи жәдігерлер қола дәуіріне, Алакөл және Федоровка мәдениеттеріне тиесілі. Тарихшылар «табылған кез-келген зат құнды, сондықтан оны сақтап қалу үшін барлық жағдай жасалуы керек», - дейді. Археологтар бұл қорымнан бұрын кездеспеген заттардың да шығып жатқандығын айтады.
Ермек ЕЛБЕРГЕН