Бүгінде 8 кешен дайын әрі оның игілігін халық көруде. 2017 жылы өтетін Қысқы Универсиада қарсаңында тағы 3 нысан салынбақ. Бұл Қазақстанның Олимпиада өткізуге жасаған екінші өтінімі, яғни, тәжірибе жөнінен еш елден кем емес.
Тау аймағы үш топқа бөлінеді – «Медеу», «Табаған» және «Ақбұлақ». «Сұңқар» трамплиндер кешенінен небәрі 25-30 минут. Ерекше мән берер кешен «Ақбұлақ» стадионы 2010 жылы салынған. Мұнда биатлон мен шаңғы жарыстары жиі өтеді.
Сонымен қатар, 1060 адам сыятын қосымша Олимпиада ауылын тұрғызу жоспарда бар. Бұл тау шаңғысы туризмін одан әрі дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Айта кетерлігі, таяуда өтінім комитеті Швейцарияның Лозанна қаласында «Алматы-2022» жобасының таныстыру рәсімін өткізді.
Алмат ӘБДІРАМАН