Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты кітабы жарыққа шықты (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты кітабы жарыққа шықты (толығырақ)

01.07.2015
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты кітабы жарыққа шықты (толығырақ)

Елбасы кітапта өмірі туралы әңгімелей отырып, заман, қоғам  жайлы толғаныстарын баяндайды. Экономикасы қуатты, Тәуелсіздігі тұрақты жаңа мемлекет құрудағы қиын да жарқын сәттер кітаптың негізгі арқауы. 

Егемендіктің елең-алаң шағында ел тарихына қатысты маңызды шешімдер мен Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолындағы батыл қадамдар туралы Президент пайымы сұхбатпен өрілген.

Дархан даланың төсінде тек жатқан елдің биік белестерді бағындырып, әлемді мойындатқан тұсы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етудің жай-күйі осы кітапта кеңінен тарқатылады.

Мемлекет басшысының балалық шағы мен еңбек жолы турасында бұрын-соңды айтылмаған дүниелер жарияланған. Кітап терең ойдың жемісі, қисынға құралған кемел, деректі туынды.

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу