Семейде тозығы жеткен көше тұрғындары шаңға тұншығып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде тозығы жеткен көше тұрғындары шаңға тұншығып отыр

30.06.2015
Семейде тозығы жеткен көше тұрғындары шаңға тұншығып отыр

Семейде тұрғындар әбден тозығы жеткен би Боранбай көшесінің бейнетінен арыла алмай келеді. Ескірген жол көлік жүргізушілерінің де, сол жерде тұратын тұрғындардың да есін шығарды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын жөнделуі тиіс тасжолдың шаңы аспанға шығып жатыр. Көше тұрғындары күні-түні шаңға қақалып, шарасыз күй кешуде. Есік алдына шығып демалуға, аптап ыстықта терезе ашып, үйді желдетуге де мұрша жоқ.

Мәселені айтып хат та жазған, қол жинаған. Алайда, қолдау көрсеткен ешкім болмаған. 

«Ең болмаса орташа жөндеу жүргізіліп, шаңнан бір арылсақ, арманымыз орындалар еді», дейді тұрғындар.

 

Ержан ЖАҚЫП

 

 

 

Хабарламаларға жазылу