Елордада «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт бастамалары» атты семинар өтті.
Шараны ұйымдастырушы - «Жібек жолы» бейбітшілік жүлдесі мен Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі.
Семинар барысында терроризммен күрес, әлемдік бейбітшілік және түрлі мәдениеттердің өзара түсіністік идеялары қамтылды.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық және стратегиялық байланысының жақсаруы сөз болды.
Жиынға ғалымдар, саяси қайраткерлер және ҚР дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.
Нұрлан АСҚАР