Ұлттық арнаға Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылының тұрғыны қоңырау шалды. Бекбол Баланиязов үйінің жанынан өткен жоғары вольтты тоқ үшін алаңдайтынын жеткізді.
«Талай жерге арыз бердік, бірақ, ешқандай нәтиже болмай тұр. Есіктің алдында балалар ойнайды. Жауынды, дауылды күндері тіпті қиын», дейді ауыл тұрғыны.
Көрермен мәселесі бойынша Алға ауданы әкімінің орынбасары Бақберген Жұмабаев жауап берді.