Алматыда Ж.Саин мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында салынып жатқан көпір ағаштан жасалған қалыптың сапасыздығынан құлаған.
Бетон құйып жатқан кезде қалып шыдас бермей сынып кеткен.
24 сәуірден бері жүргізілген сараптама бойынша ағаш қалыпты ресейлік компания орнатқаны анықталды. Көпір құрылысына жауапты «Базис» компаниясы ресейлік мекеме үстінен сотқа арыз-шағым түсірді.
Кінәлі тарап кеткен шығынды өтеуге міндеттеледі.
Көпір 2016 жылы пайдалануға берілуі тиіс.