Қазақстанның бастамасымен өткен халықаралық жиында талқылаған мәселелердің ауқымы кең. Конференция жұмысын қорытындылаған баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі Кеден-шекара қызметінің жетекшісі Гил Керликовски осындай пікір білдірді.
Ауқымды шара экстремизмнің белең алуын болдырмау, оның қозғаушы күштерінің тамырына балта шабу жайын талқылады. Сондай-ақ, конференцияда аталған мәселелерді шешу үшін тиімді саясат қалыптастыру керектігі баса айтылды.