Оқиға С.Торайғыров пен Ғ.Мұстафин көшелерінің қиылысында орын алған. Қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Аян» стационарлық бекетінде «Volkswagen Transporter» көлігі тоқтатылған. Тексеру барысында оның салонында күдікті тауарлар болған.
Оның үстіне жүргізушінің құжаттары да дұрыс болмай шыққан. Полицияның айтқанына көнгісі келмеген жүргізуші көлікке отыра салып, жоғары жылдамдықпен жүйтки қашқан. Оқ тигеннен соң мәшине аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші бас жарақатын алған, басқа зардап шеккендер жоқ.