Елімізде әрбір шаңырақ мерейлі отбасы атануға ұмтылуы тиіс. Ұлттық жобаның басты мақсаты да сол. Байқаудың Алматы облысындағы жеңімпаздары Оспановтар әулеті еңбектің қадірін білетін, бірлігі жарасқан отбасы.
Кеңесбек қария мен Бәтиха әжей 7 ұл-қызынан 25 немере, 4 шөбере сүйіп отыр. Олар жазғы демалыстарын ауылда ата-әжелерінің қасында өткізеді.
«Ел ішінде еленіп, мерейлі отбасы атануда еңбектің орны бөлек», дейді әулеттің ардақты анасы.
70-тен асса да Бәтиха әжей бау-бақшаны күтіп баптап үнемі қозғалыста жүреді. Жанына ересек немерелерін ертіп, бар білгенін оларға да үйретуде.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ