ҚХА журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады

26.06.2015
ҚХА журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады

Саяси сауатты журналистерді даярлайтын арнайы курстар ашу керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының отырысында сөз болды.

Сондай-ақ, жиында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау жайы талқыланды. «Бұл жолда журналистер «аудармашы» іспетті болуы керек», дейді сарапшылар.

Себебі, мамандар мен саясаткерлер сараптаған жоспарды халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп, пайдасын жеткізу - өте маңызды.

Жиын соңында клуб мүшелері қалам иелерін төл мерекелерімен құтықтады.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу