Саяси сауатты журналистерді даярлайтын арнайы курстар ашу керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының отырысында сөз болды.
Сондай-ақ, жиында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау жайы талқыланды. «Бұл жолда журналистер «аудармашы» іспетті болуы керек», дейді сарапшылар.
Себебі, мамандар мен саясаткерлер сараптаған жоспарды халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп, пайдасын жеткізу - өте маңызды.
Жиын соңында клуб мүшелері қалам иелерін төл мерекелерімен құтықтады.
Әлия ӘШІМ