Қазақстанның 9 қаласы 2020 жылға дейін «Шығыс әкімдері келісіміне» қол қойды

26.06.2015
Қазақстанның 9 қаласы 2020 жылға дейін «Шығыс әкімдері келісіміне» қол қойды

Қазақстанның 9 қаласы 2020 жылға дейін СО2 қалдықтарын азайту туралы «Шығыс қала әкімдері келісіміне» қол қойды.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен аймақтық «Шығыс қала әкімдерінің келісімі» «Орталық Азиялық жергілікті және ұлттық билік мекемелері болашақтың нәтижелі энергетикасы жолында - 2020» Еуропалық ынтымақтастық жобасы бойынша өткен аймақтық форумда айтылды.

Ауқымды жиында Орталық Азияның бүгіні мен ертеңіне байланысты энергетикалық стратегияларды құру жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар, «Париж келісімі», «Астана. EXPO-2017» және «Болашақтың энергиясы» тақырыбы аясында «Әкімдер келісімі» сияқты қалаларға қолдау көрсету шаралары да талқыланды.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу