«Астана - есірткісіз қала». Бүгін осындай атаумен «Нұр Отан» партиясының Алматы, Есіл, Сарыарқа ауданы филиалдарының қызметкерлері арасында марафон өтті.
Аталған шарада арулар 1,5 шақырымға жүгірсе, ерлер 3 шақырымда бақ сынады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«Іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру», дейді ұйымдастырушылар.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ