Республика бойынша 511 өндірістік кәсіпорын мен 1046 қоғамдық ғимараттың сейсмикалық тұрақтылығын күшейту қажет.
Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Владимир Беккер мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде бұл ғимараттардың әбден тозығы жеткен.
«Бүгінде сейсмология саласында сын көтермейтін дүние көп. Мәселен, біздің сейсмологтар күні бүгінге дейін 18 жыл бұрын ескі әдіспен салынған карталармен жұмыс істейді», дейді В.Беккер.
Айдана ҮСЕНБАЙ