Бұдан былай судьялар 25 емес 30 жастан бастап тағайындалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұдан былай судьялар 25 емес 30 жастан бастап тағайындалмақ

25.06.2015
Бұдан былай судьялар 25 емес 30 жастан бастап тағайындалмақ

Бүгін еліміздің ақпарат құралдары басшыларымен кездескен, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, соттағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін, осы жылдың соңына дейін, барлық сот залдары, аудио-бейне бақылау техникасымен жарақтандырылады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта, ғаламтор арқылы құжатқа қол жеткізіп, барлық құнды ақпаратты алуға мүмкіндік тумақ. Жиын соңында Қайрат Мәми, журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтап, Құрмет грамотасы мен сый-сияпат табыстады.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу