Ұлттық арнаға хабарласқан Н.Кәдірқызы Таразда дәрігерлердің салғырттығынан сау нәресте сал болып қалғанын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаға хабарласқан Н.Кәдірқызы Таразда дәрігерлердің салғырттығынан сау нәресте сал болып қалғанын айтты

24.06.2015
Ұлттық арнаға хабарласқан Н.Кәдірқызы Таразда дәрігерлердің салғырттығынан сау нәресте сал болып қалғанын айтты

Қазір күңгірт тарқан қараңғы бөлмеде, күйінумен тірлік кешіп жатыр. Өйткені сәл жарық түссе нәрестенің талмасы ұстайды. Ол перзентханадағы сол күнгі оқиғаны қинала есіне алады.

Жарық дүниеге келген нәрестенің науқас екенін дәрігерлер дер кезінде айтпаған. Алайда ащы шындықты араға ай салып барып естиді.

Ата-ана бұл жағдайға дәрігерлер кінәлі, деп отыр. Ауру баланы емдетуге ақ халаттылардың алдынан өтіп жәрдем сұрағанмен, одан қайран болмаған.

Бұл жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің  2013 жылдың  24 мамырындағы жауабында осы іске қатысы бар медицина қызметкерлеріне қатаң сөгіс беріліп, дәрігер Белгишова мен Жапарқұлова жұмыстан босатылды деп көрсетілген. Ал, шын мәнінде бұл уақытша көз алдау жауап болып шыққан сияқты.

Назира Қадірқызы жолдасымен бірге қала маңында үй жалдап тұрады. Күйеуінің тапқан таянғаны баланың дәрі-дәрмегінен артылмайды. Ал, өзінің жұмысқа шығуға да мұршасы жоқ, ауру баласын бағудан қолы босамайды.

Қазір бұл оқиғаға байланысты тәуелсіз әскери дәрігерлік комиссия тағайындалып қайтадан тергеу амалдары қолға алынды. Соның нәтижесіне орай біраз жәйттер белгілі болады деп күтілуде. Ол туралы біз де өздеріңізді хабардар ететін боламыз.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу