Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр

23.06.2015
Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр

Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр.

Бұл елді мекен тұрғындары суды сан жылдар бойы көрші Қошқарбай ауылынан тасып ішетін.

2012 жылы ауылға орталықтандырылған су тарту туралы шешім қабылданады. Дегенмен, тұрғындардың қуанышы ұзаққа бармады.  

«Судан жағымсыз иіс шығады және уақыт өткен сайын түсі өзгереді», дейді ауыл тұрғындары. Ал, жауапты мамандар судың сараптамадан өткендігін, барлық талаптарға сай екендігін алға тартады. 

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу