Маңғыстау облысындағы Құлсариевтер отбасы - көпке үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысындағы Құлсариевтер отбасы - көпке үлгі

23.06.2015
Маңғыстау облысындағы Құлсариевтер отбасы - көпке үлгі

Маңғыстау облысының Жетібай кентінде тұратын Орын Құлсариевтің отбасы - көпке үлгі. Зайыбы Құндыз Жолболдинамен бірге 65 жыл шаңырақ көтеріп, 12 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасы. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оны кейінгі ұрпаққа жеткізген құтты шаңырақ.

Маңғыстаудың алғашқы дирижері, Мәдениет қайраткері Орын Құлсариевтің атақ-дәрежесі жетерлік.Сексеннің үшеуіне келсе де, балалар өнер мектебінде шәкірт тәрбиелеп жүр. Қашанда ізденіс үстінде жүреді. 77 жасында жоғары білім алып, көпшілікті таңғалдырғаны да бар.

Бұл отбасының облыс көлемінде өткен «Мерейлі отбасы» байқауында 24 әулеттің ішінен озық шығуы да - қария еңбегінің жемісі

 

Жазира ӘБІЛ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу