Астанада еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары басшылары және жоғары оқу орындары профессорларының қатысуымен «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда Елбасының 2014 жылдың 5 маусымында Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркі кеңесінің 4-ші саммитінде түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ұсынысы талқыланды.
Айта кету керек, биыл Астанада өтетін Түркі кеңесін құрушы елдердің саммитінде осы мәселе қарастырылатын болады. Халықаралық Түркі академиясы дөңгелек үстелде айтылған ұсыныс-пікірлерді жинақтап, Түркі кеңесінің назарына ұсынбақ.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ