«Ірі елді мекендердің көрнекі жерлеріне сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші туралы баннерлер ілінуі тиіс». Өткен жылы Мемлекет басшысы облыс әкімдеріне осындай тапсырма берген.
Бұл тапсырманы белсенді түрде жүзеге асырған аймақтың бірі - Қостанай облысы.
Бүгінде қала мен барлық аудан орталықтарында жұртшылықты жұмыспен қамту бағдарламасы мен оның нәтижелері туралы баннерлер ілінген.
Бұл жерден көпшілік осы бағдарламаға қатысу жолдары мен жергілікті жауапты органдардың телефондары, мекен жайы туралы ақпарат ала алады.
«Әлеуметтік жарнама тек көрнекілік үшін қойылмаған, бүгінде халық оның нақты пайдасын көріп отыр», дейді сала мамандары.
Дәуренбек ӘБДІБЕК