Семейлік Қадылбек пен Маржан Омаровтар – еліміздегі отбасылық ансамльдердің бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік Қадылбек пен Маржан Омаровтар – еліміздегі отбасылық ансамльдердің бірі

22.06.2015
Семейлік Қадылбек пен Маржан Омаровтар – еліміздегі отбасылық ансамльдердің бірі

Төрт жыл бұрын отбасылық ансамбль құрған. Қазір республика көлемінде өтетін ауқымды байқаулар, мерекелік концерттерге қатысып, өнер арқылы отбасы құндылығын үлгі етіп жүр.

Қадылбек пен Маржан Омаровтар Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы филормония әншілері. 20 жыл бұрын отбасын құрып, содан бері сахнада да жұп жазған емес. Қазір елімізде саусақпен санарлық отбасылық ансамльдердің біріне айналды.

Әнші жұп балаларын барынша білімді етіп тәрбиелеуге мән береді. Тек өнерді ғана емес, адами қасиеттің барлығын бойына сіңіріп, еңбексүйгіш, елінің жанашыры болып ер жеткенін қалайды. Ең бастысы, қоғамға, Отанға пайда тигізер тұлға болса,-дейді.

Омаровтар жыл сайын облыстық, республикалық деңгейінде аталып өтілетін отбасылық байқаулардан шет қалмайды. Заманауи музыкаға бейімдеп орындаған қазақ әндерімен талай рет жүлделі болды.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу