Облыстық ерікті мүгедектер қоғамдастығының базасында ашылған орталықта қазіргі таңда 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі.
Шығармашылық шеберханада мүмкіндігі шектеулі жандар тігін ісіне үйрене алады. Массаж жасайтын кабинетте арнайы оқу курстарын тәмәмдаған 2 зағип жұмыс істейді. Ал, үшінші кабинетте веб-дизайнның қыр-сыры үйретіледі.
Бұл кабинеттердегі құрал-жабдықтар БҰҰ даму бағдарламасы бойынша алынған. Болашақта мұндай бизнес-инкубаторларды облыстың барлық аудандарында ашу жоспарланып отыр.
Берік КӨШЕРБАЕВ